Журнал туралы

«ҚМБД Ислам ҒЗИ ғылыми журналы» — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен шығатын, исламтану, дінтану, тарих, философия және мәдениет салаларындағы іргелі зерттеулерді жариялайтын ашық қолжетімді (Open Access) академиялық басылым.

Журналдың мақсаты

Журналдың басты мақсаты — ислам дінінің тарихы, сенімі, құқығы мен мәдениетіне қатысты ғылыми зерттеулерді қолдау, отандық және шетелдік ғалымдардың пікір алмасуына академиялық платформа ұсыну, сондай-ақ дінтану саласындағы өзекті мәселелерді ғылыми негізде талдау.

Тақырыптық бағыттары

  • Ислам тарихы және өркениеті
  • Құрантану және тәпсір ілімі
  • Хадистану
  • Ислам құқығы (Фиқһ) және усул әл-фиқһ
  • Ислам философиясы және калам
  • Діндер тарихы және салыстырмалы дінтану
  • Ислам өнері және архитектурасы

Ашық қолжетімділік саясаты (Open Access)

Журнал мақалалары барлық оқырмандар үшін тегін және ашық қолжетімді. Оқырмандар журнал материалдарын оқуға, жүктеп алуға, көшіруге, таратуға және сілтеме жасауға құқылы (Budapest Open Access Initiative анықтамасына сәйкес).

Жарияланым жиілігі

Журнал жылына 4 рет (әр тоқсан сайын) шығады.

Тіл саясаты

Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын және араб тілдерінде қабылданады.

Рецензиялау тәртібі

Журналға келіп түскен барлық мақалалар «екіжақты соқыр рецензиялау» (double-blind peer review) рәсімінен өтеді. Бұл мақала сапасының жоғары академиялық стандарттарға сай болуын қамтамасыз етеді.